29.05.2007, 11:59 1381

Парламент әкімшілік процедураларды жетілдіру мәселелеріне арналған түзетулерді қабылдады

АСТАНА. 29-мамыр. Kazakhstan Today. Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Икімшілік процедураларды жетілдіру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге толықтырулар енгізу туралы" заңды қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Заң жобасының мақсаты көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге қол жеткізу және сапасының жоғары жеңгейін қамтамасыз ету болып табылады",- деді заң жобасын депутаттарға таныстырған әділет вице-министрі Дулат Құсдәулетов.

Оның айтуынша, заң жобасына мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызметтердің реестрі секілді ұғымдар енгізілген. Бұған қоса заң жобасында мемлекеттік қызметтердің стандарттар мен регламенттерге сай көрсетілетіндігі айқындалған. Д.Құсдәулетовтың айтуынша, бұл ретте реестрге енгізілген әрбір мемлекеттік қызмет бойынша тиісті стандарт пен регламент бекітілмек.

Заң президенттің қол қоюына ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны