12.10.2006, 16:41 3261

Парламент әкімшілік-аумақтық құрылым туралы заңға енгізілетін өзгерістерді мақұлдады

АСТАНА. 12-қазан. Kazakhstan Today. Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар "ҚР Икімшілік-аумақтық құрылымы туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі" заңды қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, жаңа құжатта Қазақстан Республикасының 2004-2010-жылдарға арналған ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламасының нысаны болып табылатын ауылдық елді мекендердің мәртебесі заңдастырылады. Республиканың әкімшілік-аумақтық бөлініс бірліктері ретінде "ауылдық елдімекен", "ауыл" және "кент" категориялары нақтыланады.

Заңды қабылдауға байланысты жергілікті бюджеттерден қосымша қаржы бөлу талап етіледі. Ол ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына қала жағдайында осындай мамандықтар бойынша істейтін мамандардың жалақысымен салыстырғанда жоғары (25 проценттен кем емес) жалақы мен тарифтік ставкалар белгілеуге байланысты.

Заң президенттің қол қоюына ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны