26.02.2015, 17:10 3953

Парламент әлеуметтік-еӊбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді оӊтайландыру және автоматтандыру мәселелері жөніндегі заӊды қабылдады

Бүгін ҚР Парламенті Сенатыныӊ пленарлық отырысында депутаттар "Илеуметтік-еӊбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді оӊтайландыру және автоматтандыру мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заӊды қабылдады

Астана. 26 ақпан. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Парламенті Сенатыныӊ пленарлық отырысында депутаттар "Илеуметтік-еӊбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді оӊтайландыру және автоматтандыру мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заӊды қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Аталған заӊ жобасы Мемлекет басшысыныӊ "электрондық үкіметті" дамыту және мемлекет көрсететін қызметтерге азаматтардыӊ қолжетімділігін арттыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес әзірленді.

Құжатта азаматтарға мемлекеттік және жергілікті органдарда немесе зейнетақы төлеу жөніндегі орталықтарда әлеуметтік-еӊбек саласындағы 36 мемлекеттік қызметтіӊ 16-сы бойынша өтінім беру және қызмет алу мүмкіндігін беруді, сондай-ақ, халыққа қызмет көрсету орталықтарында (ХҚКО), "Электрондық үкімет" порталы арқылы, медициналық-санитариялық сараптама (МСС) бөлімдерінде қызмет көрсетуді қарастырады. Осылайша, ХҚКО көрсетілетін қызметтер саны - 27-ге, eGov.kz арқылы - 8-ге, МСС - 3-ке жетті.

Атап айтқанда, келесі қызметтер бойынша рәсімдеуге қажетті құжаттарды тапсыруды ХҚКО-на беру жоспарланып отыр:

- мүгедектік, асыраушысынан айырылғанда, жұмыстан босағанда және жасына қарай берілетін базалық жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді (қазіргі уақытта бұл төлемдерді 700 мыӊдай азамат алады;

- азаматтардыӊ 20 санатына арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар (мұндай қызметті шамамен 1 млн. азамат, негізінен Ұлы Отан соғысыныӊ ардагерлері, көп балалы аналар және мүмкіндігі шектеулі азаматтар);

- мемлекеттік базалық зейнетақы және № 1, 2 тізім бойынша берілетін мемлекеттік арнаулы жәрдемақылар (базалық зейнетақы шамамен 2 млн. зейнеткерге, ал мемлекеттік арнаулы жәрдемақы шамамен 32 мыӊ азаматқа беріледі).

Заӊ жобасына сәйкес азаматтар "электрондық үкімет" порталы арқылы жасына қарай мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін және мемлекеттік арнаулы жәрдемақыларды, жұмыстан босаған жағдайда және бала күтімі бойынша әлеуметтік төлемдерді рәсімдеуге қажетті құжаттарын өткізе алады.

Үкіметтіӊ бірыӊғай ақпараттық жүйесін пайдалану талап етілетін құжаттар санын және көрсетілетін мемлекеттік қызмет мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді. Мысалы, базалық зейнетақы рәсімдеу барысында азаматтар 5 құжаттыӊ орнына тек жеке куәлігін көрсете алады, ал қызмет мерзімі 7 күннен 30 минутқа дейін қысқарады.

Оған қоса, бір өтініммен екі мемлекеттік қызмет алуға мүмкіндігі туады. 2016 жылғы 1 қаӊтардан бастап азаматтар МСС бөліміне хабарласып, мүгедектігін анықтау қызметімен қатар, мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны рәсімдей алады.

Алға қойылған мақсаттарға және күтілген нәтижелерге жету үшін Қазақстан Республикасыныӊ келесі 7 Заӊына толықтырулар енгізу керек:

1) "Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы"

2) "Қазақстан Республикасында арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы"

3) "Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еӊбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еӊбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы"

4) "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы"

5) "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы"

6) "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы"

7) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы".

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны