28.12.2006, 10:35 2793

Парламент Алматыдағы хореграфиялық училищені техникамен жабдықтау үшін грант тарту жөнінде Жапониямен келісімді бекітті

АСТАНА. 28-желтоқсан. Kazakhstan Today. Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Алматыдағы А.В.Селезнев атындағы хореграфиялық училищесі білім беру кешені үшін жабдық сату" жобасын жүзеге асыру үшін Жапония үкіметінің грантын тарту туралы Қазақстан және Жапония үкіметтері арасындағы нота алмасу түріндегі келісімді бекіту жөніндегі" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Келісімнің мақсаты - Алматыдағы хореграфиялық училищенің білім беру кешенін материалдық- техникалық тұрғыда жабдықтау болып табылады.

Жобаны жүзеге асыру - еңбек нарығында сұранысқа ие орта кәсіби білімі бар хореграфиялық өнер саласы мамандарын дайындауды жетілдіре түсуге септігін тигізеді.

Қазақстан үкіметі мен Жапония үкіметі арасындағы келісімге 2006-жылдың 14-наурызында Астанада қол қойылған.

Заң президенттің қол қоюына ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны