15.01.2010, 18:36 2965

Парламент аралық соттар және халықаралық коммерциялық төрелік қызметін жетілдіру мәселелері бойынша заңнамалық түзетулерді қабылдады

Парламент аралық соттар және халықаралық коммерциялық төрелік қызметін жетілдіру мәселелері бойынша заңнамалық түзетулерді қабылдады

Астана. 15 қаңтар. Kazakhstan Today - Сенат депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттің және оның меншігінің иммунитеті, аралық соттар және халықаралық коммерциялық төрелік қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бойынша парламент палаталары арасында туындаған келіспеушілікті еңсеру мақсатындағы келісім комиссиясының ұсыныстарын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, заң жобасын талқылау барысында шетелдік заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасына қарсы талаптарына байланысты халықаралық төрелік тексерістерге қатысу тәжірибесі мемлекет және оның мүлігінің иммунитеті мәселелерін толықтай заңнамалық тұрғыда реттеу қажеттігі болды.

Одан басқа қолданыстағы ұлттық заңнамада аралық және төрелік соттар қызметі үшін мәселе туындататын, сондай-ақ дауларды шешу ретінде аралық және төрелік соттар тексерістері рәсімдерін таңдағысы келетін жеке және заңды тұлғалар үшін ережелер бар.

Сондықтан Азаматтық, Азаматтық іс-жүргізу кодекстері мен "Аралық соттар туралы" және "Халықаралық коммерциялық төрелік туралы" заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны