11.02.2021, 18:24 12613

Парламент атом энергиясын пайдалану мәселелері бойынша заңнамаға түзетулер қабылдады

Заң Мемлекет басшысына қол қоюға жіберілді.
Нұр-Сұлтан. 11 ақпан. Kazakhstan Today - Сенат депутаттары "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атом энергиясын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Парламент Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Құжат атом энергетикасы саласындағы мемлекеттік органдардың өкілеттіктері мен міндеттерінің аражігін нақты ажыратады. Бұл қазақстандықтардың қауіпсіздік деңгейін арттыруда, сондай-ақ өкілеттіктердің қайталануын болдырмауда маңызды болып отыр. Құжат отандық заңнаманың кейбір ережелерін МАГАТЭ-нің қауіпсіздік жөніндегі халықаралық талаптарына сәйкес келтіреді. 
 
Заң Мемлекет басшысына қол қоюға жіберілді.
 

Қабылданған заң атом энергетикасы саласындағы қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз етуі және осы саладағы заңнаманы жетілдіруі тиіс. Құжат сондай-ақ радиациялық қауіпсіздікті күшейту мәселелерін де қамтиды. Заң қоршаған орта мен халық денсаулығын қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттырады", - деді Палата спикері Мәулен Әшімбаев.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны