07.06.2006, 14:01 3048

Парламент БАҚ мәселелеріне арналған заң жобасын жұмысқа қабылдады

АСТАНА. 7-маусым. Kazakhstan Today. Бүгін республика парламенті “БАҚ мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасын жұмысқа қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

“Бұл заң жобасына қатысты қорытынды ағымдағы жылдың 20-қазанына дейін дайындалады деп күтілуде”,- деді жалпы отырыс барысында мәжілістің салалық комитетінң мүшесі, аталмыш заң жобасы бойынша жұмыс тобының жетекшісі, дерпутат Ғаділбек Шалахметов.

Бұл шешім үшін депутаттардың басым бөлігі дауыс берді.

Заң жобасын талқылау барысында Дариға Назарбаева, Сергей Киселев, Дарья Клебанова секілді бірқатар дерпутаттар құжатты жұмысқа қабылдамай, кері қайтаруды ұсынды.

“Егер біз бүгін бұл заңның жобасын жұмысқа қабылдау туралы шешім шығрсақ, онда, еліміздегі сөз бостандығына үкім шығарамыз”,- деді Д.Назарбаева. “Осы түзетулермен келіспей отырған БАҚ-тар мен қоғамдық ұйымдардың пікірін аяқ асты етуге болмайды”, деді ол.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, “БАҚ мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы”заңның жобасын еліміздің мәдениет және ақпарат министрлігі жасаған. Қолданыстағы заңнамаға енгізілетін түзетулердің көмегімен бұқаралық ақпарат құралдарын тіркеуге алу және қайта тіркеу үшін алым-салық жинауды заңдастыратын норма енгізу ұсынылып отыр. Заң жобасының нормалары тіркеуге алудан бас тартуға себеп болатын негіздердің тізімін арттырады. Мәселен, алым-салық төленбеген жағдайда; қожайын өзгеруге байланысты БАҚ-ты қайта тіркеу туралы өтінішке қоса меншіктену құқығын өткеріп берілгенін растайтын нотариуспен бекітілген келісім-шартын әкелмеген жағдайда; атауы мен тақырыптық бағыттары бірдей ақпараттық басылымды тіркеуге алу туралы өтініш берілген жағдайда тіркеуден бас тартылмақ.

Сонымен бірге заң жобасының нормаларымен бас редактор болып тағайындалуға құқығы жоқ адамдардың тізімін кеңейту көзделген. Атап айтсақ, бұған дейін бас редактор қызметін атқарған, бірақ, солардың кінәсіне байланысты БАҚ-ты басып шығару немесе, эфирге шығару соттың шешімімен доғарылған азаматтар бас редактор болып тағайындала алмайды.

Заң жобасын жасаушылар сонымен бірге БАҚ тіркеуге тұрғаннан кейін алғаш рет шығатын мерзімді 6 айдан 3 айға дейін қысқартуды ұсынып отыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны