18.04.2007, 12:10 3744

Парламент БАҚ туралы заң жобасын жұмысқа қабылдады

АСТАНА. 18-сәуір. Kazakhstan Today. Бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" заң жобасын жұмысқа қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Таныстырылып отырған заң жобасының тағдыры қиын әрі ұзақ болды. Біз оны осымен үшінші мәрте парламентке енгізіп отырмыз",- деді заң жобасы туралы бастамашылардың бірі - мәжіліс депутаты Сергей Киселев құжатты әріптестеріне таныстыру барысында. "Бірінші рет заң жобасына үкімет кері қорытынды жасады, біз туындаған мәселелерді жою үшін оны кері қайтарып алдық... Осыдан кейін біз оны екінші мәрте енгіздік. Бірақ техникалық себептерге байланысты бұл заң жобасында бірқатар ұсыныстар ескерілмей қалды. Олардың принциптік маңызы болуға байланысты біз оны қайта кері қайтарып алуға мәжбүр болдық",- деді С.Киселев. "Ал бүгін тараптар мәмілеге келді деп сенемін, оған қатысты барлық келісімдерге қол жеткізілді",- деді ол.

Заң жобасына берілген түсініктемеде атап көрсетілгеніндей, оған "бұқаралық ақпарат құралдарын тіркеуге алудың жетілдірілген сипаты атты прогресшіл норма енгізілді". Норманың мәніне келсек, "егер уәкілетті орган заңда белгіленген мерзімде БАҚ-ты тіркеуге алу туралы куәлік бермесе, немесе, тіркеуге алудан бас тартса, белгіленген мерзімнен кейін БАҚ-ты тіркеуге алу туралы куәлік алынды деп саналады".

"Бұл норма Қазақстанның құқықтық жүйесінде лицензия беруге қатысты жуырда қабылданған жеке кәсіпкерлік туралы заңға енгізілген. Бұл норма БАҚ-тарды дамытуда айрықша маңызға ие болумен бірге дамыған елдерде қалыптасқан БАҚ құру тәжірибесіне сай келеді",- делінген түсініктемеде.

Сонымен бірге заң жобасы нормаларымен қандайбір БАҚ-ты монополияға айналдыруға тыйым салынады.

"БАҚ іс-қызметін мәжбүрлі тоқтату мен доғару негіздері ретінде қоғамдық аса қатерлі іс-әрекеттерге бару оқиғалары қабылданады",- делінген түсініктемеде. "Заң жобасында моральдық шығынды өтеп беру жөнінде сотқа берілген шағымдардан алынатын мемлекеттік баж салығының мөлшері талап етілген сомадан процентпен есептеледі деп қарастырылған. Бұл норма келтірілген моральдық шығын үшін сұралатын өтемақы мөлшерін бағалауға қатысты соттардың проблемасын табиғи жолмен шешуге мүмкіндік береді",- делінген түсініктемеде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны