25.06.2008, 12:59 2926

Парламент "Банкроттық мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды қабылдады

Парламент "Банкроттық мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды қабылдады

Астана. 25 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Мәжіліс депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Банкроттық мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына сенат тарапынан енгізілген түзетулерді мақұлдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Сөйтіп заң қабылданды деп танылып президенттің қол қоюына ұсынылды.

"Заң жобасында төлемдік қабілеті жоқ ұйымдарды сауықтыру процедураларына тарту арқылы қаржылық-экономикалық сауықтыру тетіктері, банкроттық саласындағы біртұтас уәкілетті органды айқындау, конкурстық, реабилитациялық басқарушылар мен сыртқы бақылаушы администраторларды айқындау, сондай-ақ, қолданыстағы "Банкроттық туралы" заңды жетілдіру қарастырылған", -делінген мәжілістің қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің қорытындысында.

Төлемдік қабілеті жоқ ұйымдарды сауықтыру процедураларына тартуға қажетті жағдайларды жасау үшін заң жобасында кредиторлар мен борышкерлер үшін бірқатар ынталандыру шаралары көзделген. Атап айтсақ, стратегиялық маңызы бар кәсіпорындар үшін сауықтыру мерзімін ұлғайту, сауықтыру шарасын қолдану үшін құжаттар тапсыру тәртіптерін жеңілдету секілді ынталандыру шаралары бар.

Заң жобасында банкрот-ұйымдардың мүлкінің қожайындары мен жетекшілерінің және жеке кәсіпкерлердің жалған әрі қасақана банкроттық жариялағаны үшін жүктейтін жауапкершілігін күшейту көзделген. Сондай-ақ, банкроттардың ісі мен олардың мүлкін басқарумен шұғылданатын конкурстық және реабилитациялық басқарушылар мен сыртқы бақылаушы администраторлардың банкрорттық жөніндегі заңды бұзғаны үшін жүктейтін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігі бекітіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны