04.12.2008, 13:19 1840

Парламент "Бәсекелестік туралы" заң жобасын қабылдады

Парламент "Бәсекелестік туралы" заң жобасын қабылдады

Астана. 4 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Парламент "Бәсекелестік туралы" заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Мәжілістің экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің қорытындысына сәйкес, "Бәсекелестік туралы" заң жобасы мемлекет басшысының 2008 жылғы ақпаның 6-сындағы "Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында әзірленген.

Аталған заң жобасының тұжырымдамалық негіздері туралы Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы Мәжит Есенбаев баяндап берді.

Заң жобасының мақсаты бәсекелестікті қорғау, тауар нарықтарында еркін бәсекелестіктің дамуы үшін тартымды және ашық жағдайлар жасау болып табылады. Сонымен бірге бәсекелестікті шектеу мен нарыққа қатысушылар арасындағы сөз байласу фактілерін анықтаудың дәл тетіктерін айқындау мақсаты көзделіп отыр. Сондай-ақ заң жобасы экономика салаларын "жасырын" монополияландырудың алдын алуға, монополияға қарсы органның рөлі мен өкілеттіктерін күшейтуге, оның қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған.

Заң жобасы "Жосықсыз бәсеке туралы" заң мен "Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы" заңның ережелерін біріктірді және дамытты.

Заң жобасы "эксаумақтылығы" ұғымын енгізеді, сондай-ақ кейбір ұғымдарды нақтылауды қарастырады, атап айтқанда "келісілген іс әрекеттер" ұғымы "келісім" ұғымынан бөлектенетін болды, монополияға қарсы орган монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықты тергеуден басқа кезде тексерудің кез-келген түрін жүргізуге тыйым салынады. Заң жобасы мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуындағы мақсаты мен негізі, сондай-ақ монополияға қарсы органның мәртебесі мен құзіреті белгіленді. Сөйтіп, парламент мәжілісі мақұлдаған заң жобасына өзгеріс енгізілді: 36-баптың 2-тармағына мемлекет көмегі құзіретті органның талабы бойынша емес, еліміздің заңнамасында белгіленген тәртіппен тоқтатылатын болады.

Заң жобасының 53-бабындағы 1,2, және 3- тармақтармен "Акционерлік қоғамдар туралы" заңының 13-бабы сәйкестендірілді. Заң жобасының 76-бабының 1- тармағының 2 және 3-тармақшалары еліміздің Икімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің ережелерімен сәйкестендірілді.

Заң жобасы 5 бөлімнен, 14 тараудан және 80 баптан тұрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны