07.04.2011, 15:30 5195

Парламент БЭК аясында газ тасымалдау саласындағы қызметтерге қол жеткізу қағидалары туралы ратификацияны мақұлдады

Парламент БЭК аясында газ тасымалдау саласындағы қызметтерге қол жеткізу қағидалары туралы ратификацияны мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 7 - сәуір. Kazakhstan Today - Парламент БЭК аясында газ тасымалдау саласындағы қызметтерге қол жеткізу қағидалары туралы ратификацияны мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында "Баға белгілеу мен тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, газ тасымалы жүйелері арқылы газ тасымалдау саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізу қағидалары туралы келісімді ратификациялау туралы" ҚР заңын қабылданды.

Келісімнің мақсаты Бірыңғай экономикалық кеңістікке қатысушы мемлекеттердің қажеттерін қанағаттандыру үшін баға белгілеу мен тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, газ тасымалы жүйелері арқылы осы саладағы табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізу қағидаттарын белгілеу болып табылады. Бұл шара Келісімге сәйкес, бірыңғай экономикалық кеңістікке қатысу мемлекеттер аумағынан өтетін газға ғана қатысты беріледі. Заңды қабылдау газды ішкі тұтыну туралы мәліметті қамтитын ақпарат негізінде ақпараттық алмасу жүйесін құруға, БЭК-ке қатысушы мемлекеттердің аумағында орналасқан газ тасымалдау жүйелерінің жұмыс істеуін регламенттейтін индикативті болжам баланстарын дайындаудың тетіктерін жасауға, нормативтік-техникалық құжттарды бірізділендіруді қамтамасыз етуге ықпал ететін болады.

"Бұл ретте өзара саудада кедендік әкелу және әкету баждарын БЭК-ке қатысушы мемлекеттер қолданбайды. Бірінші кезекте БЭК қатысушы мемлекеттердің ішкі газға қажеттіліктерін қамтамасыз ету көзделеді. Соның ішінде, тараптар мемлекеттерінің ішкі қажеттілігін қанағаттандыру үшін газ тасымалдау тарифтері тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамасына сәйкес белгіленетін болады. Бірыңғай экономикалық кеңістікке қатысушы мемлекеттердің газға нормалары мен стандарттары біріздендіріліп, экологиялық қауіпсіздік ұдайы назарда болады", - деді құжат бойынша баяндама жасаған Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев.

Бұл ретте Бірыңғай экономикалық кеңістікке қатысушы барлық мемлекеттердің аумақтарында газға нарықтық (тең кірісті) бағаға 2015 жылғы 1 қаңтардан кешіктірмей қол жеткізу қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, Қазақстан тарапы Қазақстан Республикасының аумағында газ сатудың бағасын Ресей Федерациясының аумағындағы газ бағасымен салыстырмалы деңгейге дейін кезең-кезеңімен көтеруді қамтамасыз етеді.

Парламент қабылдаған заң Елбасының қол қоюына жіберіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны