08.05.2013, 09:52 4177

Парламент депутаты антибиотиктер сатылымын заңмен шектеуді ұсынуда

Баспасөз қызметі таратқан бүгінгі хабарламаға сәйкес, мұндай ұсынысты А.Қоңыров бүгін парламенттің бірлескен отырысында үкімет басшысы Серік Ахметовтің атына сауалында білдірген.

Астана. 8-мамыр. Kazakhstan Today - Парламент депутаты Айқын Қоңыров республикада антибиотьиктердің сатылымын заңмен шектеуді ұсынуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы мәжіліс аппаратының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Баспасөз қызметі таратқан бүгінгі хабарламаға сәйкес, мұндай ұсынысты А.Қоңыров бүгін парламенттің бірлескен отырысында үкімет басшысы Серік Ахметовтің атына сауалында білдірген.

"Қазақстанның дәріханаларында еркін сатылымда болуына байланысты антибиотиктердің аясы кеңіп, азаматтарымыздың денсаулығы мен өміріне айтарлықтай қауіп келтіретініне назар аудартқымыз келеді. Осы дәрі-дәрмектердің еркін сатылымын заңмен шектеу қажет", делінген депутаттық сауалда.

А.Қоңыров Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне сілтеме жасай отырып антибиотиктерге резистенттілік себебіне байланысты әлемде жылына туберкулезден 150 мыңнан астам адам қайтыс болады.

Бірқатар шет мемлекеттер осы қауіпті ескере отырып жүйелі шаралар қабылдауда.

Мәселен, Ұлыбританияда антибиотиктерге ет үйреніп кету проблемасын шешу бойынша бес жылдық стратегия әзірленген және бұл проблема терроризм қаупімен теңестірілген. Еуропа мен АҚШ-тың көптеген елдерінде антибиотиктер тек дәрігердің рқсатымен босатылады.

Қазақстанда дәрігерлер мен науқастар антибиотиктерге үйреніп кету проблемасымен кезіккен, кейде бұл дәрі-дәрмектер мүлде нәтиже бермейді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны