30.06.2011, 14:45 7715

Парламент депутаттары кезекті жазғы демалысқа шықты

Хабар агенттігінің хабарлауынша, бүгін ҚР Парламентінің Төртінші шақырылымының төртінші сессиясы аяқталып, депутаттар екі айлық демалысқа шаққан.

Астана. 30 маусым. Kazakhstan Today - Парламент депутаттары кезекті жазғы демалысқа шықты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Хабар агенттігінің хабарлауынша, бүгін ҚР Парламентінің Төртінші шақырылымының төртінші сессиясы аяқталып, депутаттар екі айлық демалысқа шаққан.

"Өткен уақыт ішінде Парламентте барлығы 190 Заң жобасы қаралып, оның 141 қабылданған. 107 Заңға Мемлекет басшысы қол қойған. 70-тен астам халықаралық шарттар мен конфессиялар ратификацияланды.Заң шығару үдерісінде салық салу жүйесін жетілдіруге, мемлекеттік мүлікті тиімді басқаруға, аграрлық секторды одан әрі дамытуға бағытталған Заңдар қабылданды. Сондай-ақ депутаттардың бюджетке енгізген түзетулерінің арқасында тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, ауыз сумен қамтамасыз ету сынды салалық бағдарламаларды қаржыландыру айтарлықтай ұлғайды", - деп атап өтті Парламент Мәжілісінің төрағасы Орал Мұхамеджанов.

"Алдағы үш жыл ішінде республикалық бюджеттен білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына 191 млрд теңге, денсаулық саласына 216 млдр теңгеге жуық қаражат жұмсалатан болады. Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2015 жылға дейін жалпы сомасы шамамен 80 миллиард долларды құрайтын 500-ге жуық жобаны іске асырып, 200 мың жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр", - деді Орал Мұхамеджанов.

"Осы орайда республикалық бюджеттің маңызы зор екені баршамызға белгілі. Сол себепті біздер еліміздің ең басты қаржылық құжаты - "2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Заңның әлеуметтік сипаты басым болуына қол жеткіздік, ондағы шығыстардың шамамен 40 % әлеуметтік бағдарламаларға жұмсалатын болады. Сөзімнің соңында Мәжіліс депутаттарына, сенаторларға, Төртінші сессия барысындағы бірлескен жұмысымыз үшін алғыс айтуға рұқсат етіңіздер", деп қорытындылады өз сөзін мәжіліс төрағасы Орал Мұхамеджанов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны