05.09.2007, 15:33 3056

Парламент депутаттары республиканың қаржы нарығындағы тұрақсыздыққа алаңдаушылық танытуда

Парламент мәжілісінің бірқатар депутаттары республиканың қаржы нарығындағы тұрақсыздыққа алаңдаушылық танытып, үкіметті осы саладағы қабылданып жатқан шаралар туралы баяндама жасауға шақырды.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 5 қыркүйек. Парламент мәжілісінің бірқатар депутаттары республиканың қаржы нарығындағы тұрақсыздыққа алаңдаушылық танытып, үкіметті осы саладағы қабылданып жатқан шаралар туралы баяндама жасауға шақырды.

"Салалық министрліктердің басшыларынан бір ай ішінде қабылданып жатқан шаралары туралы баяндауларын сұраймын",- деді Тәңірберген Бердонғаров мәжілісті сәрсенбіде өткен жалпы отырысында.

"Қазақстанның ипотекалық несие алған көптеген азаматтарында аталмыш жағдай Қазақстанның экономикасына, атап айтқанда оның қаржысына қалай әсер етеді деген сұрақтар туындайды. Ресейлік билік өкілдері әлемдік тоқыраушылықтың ел экономикасына ешқандай әсер етпейді, деп сендіруде. Бірақ Қазақстанның қаржы жүйесі біраз өзгешеліктерге ие. Және қазір мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасын және де елдегі тұрғын үй бағдарламаларын жүзеге асыруға қауіп төндірмес үшін, аталмыш жағдайды шешудегі қадамдарды нақтылап, стратегиялық шараларды әзірлеу қажет",- деп мәлім етті Тәңірберген Бердоңғаров.

Оны әріптесі Аманжан Жамалов та қолдады. "Алдағы отырыстардың бірінде үкімет әрекетінің антикризистік бағдарламасын тыңдау қажет деп санаймын",- деді ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны