29.06.2006, 12:45 2783

Парламент экономиканың мемлекеттік секторын басқаруды жетілдіру мәселелері бойынша заңнамаға енгізілетін түзеулерді қабылдады

АСТАНА. 29-маусым. Kazakhstan Today. Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономиканың мемлекеттік секторын басқаруды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасы бойынша келісім комиссиясының ұсынысымен келісті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Сөйтіп, заң қабылданды деп танылып, Елбасының қол қоюына жолданды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, заң жобасы «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» және «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамдарын құру және олардың тиімді жұмыс істеуі үшін жасалды.
Заңға сәйкес салалық заңнамалық актілердегі «ұлттық компаниялар» анықтамасын қалыптасқан жағдайға сәйкес келтіру мақсатында, сондай-ақ осы компаниялардың «ұлттық» деген мәртебесін сақтап қалу мақсатында аталмыш жоба жасалумен бірге онда ұлттық холдинг және ұлттық басқарушы компания ұғымдары заңды ажыратылып отыр.

Заңға сәйкес «Акционерлік қоғамдар туралы», «Мұнай туралы», «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы», «Почта туралы», «Темір жол көлігі туралы», «Қазақстан даму банкі туралы», “Банктер және банк іс-қызметі туралы”, «Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына өзгерістер енгізіледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны