27.09.2012, 10:08 3163

Парламент ЕурАзЭҚ шеңберінде ортақ сақтандыру нарығы құру туралы хаттаманы ратификациялады

Аталған хаттамаға 2009 жылдың 27 қарашасында Минскіде Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей Федерациясы және Тәжікстан Республикасы Президенттері қол қойған.

Астана. 27-қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары "Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің ортақ сақтандыру нарығын құру туралы хаттаманы ратификациялау туралы" ҚР заңын қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Аталған хаттамаға 2009 жылдың 27 қарашасында Минскіде Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей Федерациясы және Тәжікстан Республикасы Президенттері қол қойған.

Хаттаманың мақсаты ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің ортақ сақтандыру нарығын құру болып табылады. Сондай-ақ қабылданған заң ЕурАзЭҚ шеңберінде ортақ сақтандыру нарығына қатысушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі шараларды әзірлеуді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар ортақ сақтандыру нарығының негізгі бағыты ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамаларын үйлестіру болып табылады. Бұл ретте үйлестіру шарасы әрбір мемлекеттің қалыптасқан макроэкономикалық жағдайлары ескеріліп, кезең-кезеңмен жүзеге асырылады.

Хаттамада мемлекеттер арасындағы ақпарат алмасу, оны іске асыру жөніндегі жұмысты үйлестіру, ЕурАзЭҚ мүшелігіне қабылданған кез келген мемлекеттің қосылу тәртібі айқындалған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны