30.11.2006, 11:23 6127

Парламент ЕурАзЭҚ-қа мүше елдердің интеграциялық валюта нарығын құру саласындағы ықпалдастығы жөніндегі келісімді бекітті

АСТАНА. 30 - қараша. Kazakhstan Today. Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар "ЕурАзЭҚ-қа мүше елдердің интеграциялық валюта нарығын құру саласындағы ықпалдастығы жөніндегі келісімді бекіту туралы" заңды қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Келісімде қарастырылған ережелерді жүзеге асыру ЕурАзЭҚ-қа мүше елдердің резидент емес банктеріне резидент-банктермен салыстырғанда қолайлылығы жағынан кем түспейтіндей шарттармен банкаралық конверсиялық операцияларды жүзеге асыруға құқық береді. Бұл құжатты қабылдау ЕурАзЭҚ-қа мүше елдердің сыртқы экономикалық іс-қызметіне қызмет көрсету үшін ұлттық валюталардың пайдаланылу салаларының аясын кеңейтуге түрткі болмақ.

Келісім депозитарий болып табылатын ЕурАзЭҚ интеграциялық комитетіне ұйымға мүше елдер тарапынан құжаттың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік процедуралардың орындалғаны туралы ең соңғы жазбаша хабарландыру келіп түскен күннен бастап күшіне енеді.

Интеграциялық комитеттің ақпаратына сәйкес, қазірде Беларусь, Ресей және Тәжікстан республикалары мемлекетішілік процедураларды іске асырды. Аталған процедуралар Қырғызстанда жүзеге асырылып жатыр. Өзбекстан бүгінде ЕурАзЭҚ аясындағы құжаттарға бірігу процедураларын өткізуде.

Келісімге 2006-жылдың 25-қаңтарында Санкт-Петербург қаласында қол қойылған.

Заң президенттің қол қоюына ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны