28.12.2006, 10:41 2860

Парламент Еуразиялық банктің Қазақстан аумағына келуіне байланысты талаптар жөніндегі келісімді бекітті

АСТАНА. 28 желтоқсан. Kazakhstan Today. Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар ҚР үкіметі мен Еуразиялық даму банкі (ЕДБ) арасындағы банктің Қазақстан Республикасы аумағына келуіне байланысты талаптар туралы келісімді бекітуді мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

2006 жылдың маусым айында, Қазақстан аумағында халықаралық маңызы бар банктің қызмет етуіне мүмкіндік беретін келісімге қол қойылды. Ресей мен Қазақстан үкіметтері банктің тең құрылтайшылары боп табылады. Келісімді бекіту нәтижесінде банк толық жұмысын бастай алады.

"Келісім банктің жарғысында көрсетілген қызметін атқару үшін Қазақстан аумағына келуінің құқықтық талаптарын анықтау мақсатында жасалған. Келісім банктің халықаралық мәртебесін бекітеді", деді еліміздің қаржы министрі Наталья Коржова.

Н. Коржованың айтуынша, "2006 жылы банктің жарғылық капиталы $1,5 млрд. болған, бұл қаражат әлі күнге дейін іске қосылмай отыр". "Банк аталған келісім бекітілгеннен кейін ғана жұмысын бастай алады", деді Н.Коржова.

Еуразиялық банкті құру туралы келісімге 2006 жылдың 17 маусымында қол қойылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны