21.12.2011, 16:02 3047

Парламент Еуразиялық экономикалық комиссия туралы Келісімді ратификаиялады

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары "Еуразиялық экономикалық комиссия туралы шартты ратификация туралы" ҚР Заңын қабылдады.

Астана. 21-желтоқсан. Kazakhstan Today - Парламент Еуразиялық экономикалық комиссия туралы Келісімді ратификаиялады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары "Еуразиялық экономикалық комиссия туралы шартты ратификация туралы" ҚР Заңын қабылдады.

Естеріңізге сала кетсек, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы шартқа 2011 жылдың 18-қарашасында Мәскеу қаласында қол қойылған. Ондағы мақсат аталған комиссияны Кеден одағы мен бірыңғай экономикалық кеңістіктің тұрақты жұмысты істейтін реттеуші органы ретінде құру болып табылады. Комиссияның негізгі міндеті Кеден одағы мен бірыңғай экономикалық кеңістіктің жұмыс істеуі мен дамуына жағдай жасауды қамтамасыз ету және осы аядағы экономикалық ықпалдастық саласында жұмыстар әзірлеу болып отыр. Бұр ретте Еуразиялық экономикалық комиссияның екі деңгейлік құрылымы болады, оның бірі комиссия кеңесі болса, екіншісі комиссия алқасы.

Парламент қабылдаған заң Мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны