27.01.2011, 15:28 4598

Парламент Ғылым туралы заңды қабылдады

Бүгін ҚР Парламенті Cенатының жалпы отырысында палата депутаттары "Ғылым туралы" ҚР Заңын қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 27 - қаңтар. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Парламенті Cенатының жалпы отырысында палата депутаттары "Ғылым туралы" ҚР Заңын қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Заң Мемлекет басшысының Парламенттің сессиясын ашу барысында жүктеген тапсырмасын, сондай-ақ 2009 жылғы қыркүйекте ғылым жөніндегі кеңесте алған қойған міндеттерді шешу мақсатында әзірленген болатын. Бұл ретте құжат қоғам талабына жауап беретін, еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған жаңа ұлттық ғылым жүйесін құрудың құқықтық негізін айқындайды. Заңның мақсаты еліміздегі ғылыми жүйенің бәсекеге қабілеттілігіне және теңгерімділігіне қол жеткізу үшін жағдайлар жасау болып табылады.

Парламент қабылдаған заңда негізінде ғылымды басқарудың мүлдем жаңа моделі ұсынылады. Бұл басты екі құрамдас бөліктен тұрады. Біріншіден, шешім қабылдаудың барлық кезеңіндегі ғалымдар рөлі айрықша көтеріледі. Жаңа жүйе ғылым жүйесінің барлық қатысушыларының функцияларын оңтайландырады және артық бюрократиялық басқаруға жол бермейді.

Сондай-ақ, заң бойынша ғылымды басқару жүйесіндегі стратегиялық, әкімшілік және сараптамалық функцияларды нақтылауды қарастырады. Бұл үшін жоғары ғылыми техникалық комиссияның функциялары кеңейтіліп, Ұлттық ғылыми кеңестерге жіті назар аударылады. Бұлар жетекші қазақстандық және шетелдік ғалымдардан құрылып, жобалар мен бағдарламалардың орындалуы туралы түпкілікті шешім қабылдайтын болады. Сонымен қатар, заңда Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың ұлттық орталығы құрылатыны көзделеді. Орталық жобалар мен бағдарламаларды тәуелсіз, кәсіби бағалауды қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, парламент қабылдаған құжатта ғылыми әзірлемелерді практикада қолдану тетігін енгізуге, сондай-ақ жоғары оқу орындарының ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметіне ерекше көңіл бөлінеді. Ғылыми қызметкерлерді әлеуметтік қамсыздандыру шаралары да бекітіледі.

Құжат Мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны