09.06.2011, 12:16 2905

Парламент халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі заңнамаға енгізілетін түзетулерді мақұлдады

Оның сөзіне қарағанда, бағдарлама еңбек нарығының тиімділігін арттыру, тиімді жұмыспен қамтуға көмек көрсету бағдарламасы активіне аз қамтылған, жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты қатыстыру, масылдықты жеңу және ақиқатында еңбекке жарамсыздар мен аз қамтылғандарға ғана әлеуметтік көмек көрсету мақсатында қосымша ақшалай төлемге өту мәселесін қарастырады.

Астана. 9 - маусым. Kazakhstan Today - Бүгiн ҚР Парламент Сенатының депутаттары пленарлық мәжiлiсте "Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар туралы" ҚР заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауыша, "заң жобасы үкімет қабылдаған 2020 жылға дейінгі салалық жұмыспен қамту бағдарламасы шеңберінде әзірленді", - деп еске салып өтті Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Ибдіқалықова, құжатты депутаттарға ұсына отырып.

Оның сөзіне қарағанда, бағдарлама еңбек нарығының тиімділігін арттыру, тиімді жұмыспен қамтуға көмек көрсету бағдарламасы активіне аз қамтылған, жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты қатыстыру, масылдықты жеңу және ақиқатында еңбекке жарамсыздар мен аз қамтылғандарға ғана әлеуметтік көмек көрсету мақсатында қосымша ақшалай төлемге өту мәселесін қарастырады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны