27.12.2006, 12:01 3310

Парламент "Идентификациялық номерлердің ұлттық реестрі туралы" заңды қабылдады

АСТАНА. 27-желтоқсан. Kazakhstan Today. Бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Идентификациялық номерлердің ұлттық реестрі туралы" заң жобасына сенат тарапынан енгізілген түзетулермен келісті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Сөйтіп заң қабылданды деп танылып, президенттің қол қоюына ұсынылды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, заң жобасының тұжырымдамасы заңды және жеке тұлғалардың идентификациялық номерлерінің ұлттық реестрінің ақпараттық жүйесін құру арқылы жеке және заңды тұлғаларды біртұтас есепке алу жүйесін қолданысқа енгізуге бағытталады.

Заң жобасы идентификациялық номерлердің ұлттық реестрлерін құру мақсатында жеке (заңды) тұлғаны біртұтас идентификациялық (бизнес-идентификациялық номер) номерге көшіру бағдарламасына сәйкес жасалған.

Қазірде жеке және заңды тұлғаларды есепке алудың бірнеше жүйесі (Илеуметтік жеке код-СИК, Салық төлеушінің тіркеу номері -РНН, ID-код) қолданылатындықтан, заң жобасында жеке тұлға үшін, соның ішінде жеке кәсіпкер үшін Жеке идентификациялық номер (ИИН), ал ал заңды тұлға үшін бизнес-идентификациялық номер (БИН) жасалуда.

Заң жобасын жасаушылардың пікірінше, идентификациялық номерлерінің ұлттық реестрін құру мемлекеттік қызметкерлердің еңбек шығындарын азайтуға түрткі болады. Оларды тұрғындардан жинаған ақпараттарды бірнеше мәрте енгізу тауқыметінен құтқарып, қазіргі бар және жобасы жасалып жатқан мекемелік есепке алу жүйелері арасындағы сәйкессіздік проблемасын шешеді.

Заңды жүзеге асыру бюджеттен шығындар шығаруды талап етеді. Өйткені, заң жобасында көзделгендей, қайта рәсімдеуден кейін таратылатын идентификациялық құжаттардың құны бюджет қаржысының есебінен өтеледі. Ол үшін бұрындары берілген құжаттарды тіркеуші мекемеге тапсыру керек.

Депутаттар сонымен қатар "Идентификациялық номерлердің ұлттық реестрі жөніндегі мәселелер бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі" заң жобасына сенат енгізген түзетулермен келісті. Соған сәйкес 15 заңнамалық актіге өзгерістер енгізілмек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны