20.12.2012, 17:46 3151

Парламент Ішкі істер министрлігіне қарасты Ішкі әскерлер мәселесіне арналған заңды қабылдады

Аталған құжат Мемлекет басшысының тапсырмасына сай әзірленген. Заң жобасында Ішкі әскерлердің әскери-әкімшілік жүйесін жетілдіру және қолданыстағы бригадалық жүйеден өңірлік қолбасшылыққа ауысуы көзделеді.

Астана. 20-желтоқсан. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Парламент Cенатының жалпы отырысында палата депутаттары "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңды қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Аталған құжат Мемлекет басшысының тапсырмасына сай әзірленген. Заң жобасында Ішкі әскерлердің әскери-әкімшілік жүйесін жетілдіру және қолданыстағы бригадалық жүйеден өңірлік қолбасшылыққа ауысуы көзделеді. Осы мақсатта заң жобасымен әскери басқарудың жедел-аумақтық органы ретінде өңірлік қолбасшылықтың мәртебесі және оның қолбасшысының өкілеттіліктері айқындалады. Ішкі әскерлер комитеті әскери басқарудың жедел-стратегиялық органы ретінде Ішкі әскерлердің Бас қолбасшылығы болып қайта құрылады.

Заң жобасы арқылы "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлері туралы" және "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

Парламент қабылдаған заң Мемлекет басшысының қол қоюына жолданады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны