11.12.2008, 11:25 1560

Парламент Каир қаласында Сұлтан Аз-Захир Бейбарыс мешітін қалпына келтіру жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады

Парламент Каир қаласында Сұлтан Аз-Захир Бейбарыс мешітін қалпына келтіру жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады

Астана. 10 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Египет Араб Республикасының Үкіметі арасындағы Каир қаласында Сұлтан Аз-Захир Бейбарыс мешітін қалпына келтіру жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" заңды қабылдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Келісімнің 1-бабына сәйкес Қазақстан және Египет жағы мысырлықтар әзірлеген жоспар мен техникалық жоба бойынша бірлескен іс-шараларды жүзеге асырады.

Жобаны келісімге қатысушылар қаржыландырады. Бұл мақсатқа біздің еліміз 2007-2009 жылдарда 4,5 миллион доллар қарастырады. Келісімнің ережелерімен мешітті жаңғырту жөніндегі қаржыны техникалық және әкімшілік басқару үшін Египет жағының басшылығымен үйлестіру комитетін құру көзделген.

Үйлестіру комитеті әр тараптың мемлекеттік өкілетті органнан екі немесе үш өкілінен құралады және Египет жағымен келісе отырып қаржының қазіргі жағдайы туралы, сондай-ақ келісімге қатысушылардың өкілетті органы үшін жаңғырту жұмыстарының атқарылуы туралы тоқсан сайын есеп әзірлейді.

Құжаттың 9-бабына сәйкес мешітті жаңғырту жұмыстарының орындалуы бас мердігермен жасалған келісімге сәйкес, үйлестіру комитетінің қатысуымен Египет Араб Республикасының ішкі заңдарына сәйкес қабылданады.

Бұл келісімге 2007 жылы 28 қазанда Каир қаласында қол қойылған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны