12.04.2007, 11:33 2635

Парламент Қазақстан мен Болгария үкіметтері арасындағы өзара инвестицияларды қорғау және ынталандыру жөніндегі келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы бекітті

АСТАНА. 12-сәуір. Kazakhstan Today. Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Өзара инвестицияларды қорғау және ынталандыру жөніндегі Қазақстан мен Болгария үкіметтері арасындағы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы бекіту жайындағы" заңды қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Хаттамамен енгізілетін өзгертулер келісіммен белгіленетін режимнің ережелері кез-келген келісімге келуші жақтарға олардың кедендік, экономикалық және валюталық одаққа, біртұтас нарыққа немесе еркін сауда аймағына мүше болуына байланысты берілген немесе болашақта берілетін артықшылықтарға қатысты қолданылмайтындығын заңдастырады.

Келісім Қазақстан Республикасының 2001-жылғы 15-мамырдағы заңымен бекітілген.

Заң президенттің қол қоюына ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны