27.09.2012, 10:49 3372

Парламент Қазақстан мен Қасиетті Тақ арасындағы өзара қатынастар туралы келісімді қабылдады

Оның айтуынша, өткен ғасырдың 30-50 жылдарында Қазақстанға немістер, поляктар, литвалықтар мен украиндер жаппай жер аударылып, соның нәтижесінде католик дінін ұстанатындар саны едәуір өскен. Қазіргі таңда Қазақстанда 150 мыңнан астам азамат католик сенімін ұстанады. Республикамызда 79 рим-католик, 2 грек- католик қауымы қызмет етеді.

Астана. 27-қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары "Қазақстан Республикасы мен Қасиетті Тақ арасындағы Өзара қатынастар туралы келісімді ратификациялау туралы" заңды қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Заң жобасы туралы баяндаған Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф Қасиетті Тақ бүгінгі таңда 70-тен астам мемлекетпен, соның ішінде Израиль, Изербайжан, Латвия секілді зайырлы Еуропа елдерімен келісімдер жасасқанын атап өтті. "Еліміздің толеранттылық, дінаралық және ұлтаралық келісім мәселелерінде елеулі үлес қосқанын мойындаған көзқарасы тұрғысынан бұл қарым-қатынастардың маңызы зор. Рим Папасы ІІ Иоан Павельдің Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары тек біздің елімізде емес, бүткіл әлемде үлкен жағымды саяси резонанс тудырғаны белгілі. Рим Папасының АҚШ-та 2001 жылдың 11 қыркүйегінде орын алған лаңкестік әрекеттерден кейінгі халықаралық саяси жағдайдың шиеленісуіне қарамастан, жоспарланған сапардан бас тартпауға шешім қабылдап, айрықша батылдық танытқаны жоғары бағаланды. Қазақстан Рим Папасының өз пантификасы тұсында арнайы сапармен келген 127 мемлекет болып табылады. Бұл сапар сөзсіз біздің мемлекетіміздің конфессияаралық қатынасы саласындағы байсалды саясаты нәтижесінде мүмкін болды", - дейді Қ. Лама Шариф.

Оның айтуынша, өткен ғасырдың 30-50 жылдарында Қазақстанға немістер, поляктар, литвалықтар мен украиндер жаппай жер аударылып, соның нәтижесінде католик дінін ұстанатындар саны едәуір өскен. Қазіргі таңда Қазақстанда 150 мыңнан астам азамат католик сенімін ұстанады. Республикамызда 79 рим-католик, 2 грек- католик қауымы қызмет етеді.

Ал Қазақстан мен Қасиетті Тақ арасындағы келісімді қабылдау негізінен рим-католик шіркеуі діни бірлестіктерінің Қазақстан Республикасының діни бірлестіктерді тіркеу және қайта тіркеу жөніндегі заңнамасындағы нормалардың сақталуына бағытталған. "Қазақстанның маңызды саяси серіктесі ретінде Ватиканның рөлін, оның еліміздің халықаралық бастамаларына қолдау көрсететінін ескере келе, заң жобасын қолдауды сұраймыз", - деді Қ. Лама Шариф.

Парламент қабылдаған заң Мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны