12.04.2007, 11:37 2582

Парламент Қазақстан мен Нидерланды арасындағы өзара инвестицияны қорғау және ынталандыру жөніндегі келісімді бекітті

АСТАНА. 12-сәуір. Kazakhstan Today. Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Қазақстан Республикасы мен Нидерланды Корольдігі арасындағы өзара инвестицияларды қорғау және оны ынталандыру жөніндегі келісімді бекіту туралы" заңды қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Келісім екі ел экономикасына салынатын инвестицияларды өзара ынталандыруға үлкен мүмкіндіктер береді.

Келісімге 2002-жылдың қараша айында қол қойылды.

Заң президенттің қол қоюына ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны