31.10.2008, 11:43 3091

Парламент Қазақстан мен Сирия үкіметтері арасындағы мәдениет ескерткіштерін салу мен жөндеудегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады

Парламент Қазақстан мен Сирия үкіметтері арасындағы мәдениет ескерткіштерін салу мен жөндеудегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады

Астана. 31 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Сенат депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасы үкіметі мен Сирия Араб Республикасының үкіметі арасында Ил-Фараби кесенесі мен тарихи-мәдени орталық құрылысын салу мен Дамаск қаласындағы Из-Захир Бейбарыс Сұлтанның кесенесін жөндеудегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" заңды қабылдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Ағымдағы жылға арналған республикалық бюджетте Ил-Фараби кесенесі мен тарихи-мәдени орталық құрылысын салуға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәдениет нысандарын дамыту бағдарламасы аясында 29 млн 600 мың теңге қарастырылған. Дамаск қаласындағы Из-Захир Бейбарыс Сұлтанның кесенесін жөндеуге тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін қалпына келтіру жөніндегі ююджеттік бағдарлама аясында 54 млн 200 мың теңге қарастырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны