11.12.2007, 11:40 1429

Парламент Қазақстан мен Словакия Республикасы арасындағы салыққа қатысты конвенцияны бекітті

Парламент Қазақстан мен Словакия Республикасы арасындағы салыққа қатысты конвенцияны бекітті

Астана. 21 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Қазақстан мен Словакия Республикасы арасындағы қосарланған салықты болдырмау және кіріс пен капитал салығынан жалтарудың алдын алу жөніндегі конвенцияны бекіту туралы" заңды қабылдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Конвенцияның мақсаты бір елдің жеке немеес заңды тұлғасының екінші елде тапқан пайдасына белгілі бір салық түрлері бойынша салық салу құқығын әркімге қатысты заңмен бекіту арқылы мемлекеттер арасындағы экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастықты нығайту және оның аясын кеңейту болып табылады.

Конвенцияда резидент жеке және заңды тұлғалардың кірісіне қосарланған салық салуды болдырмауды қарастырылумен бірге, келісімге келіп отырған мемлекеттердің және оның әкімшілік бөлімшешелері атынан кіріс пен капиталға қатысты салықтарға қолданылады.

Конвенцияға Астанада 2007 жылдың 21 наурызында қол қойылды.

Заң президенттің қол қоюына ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны