18.06.2009, 12:34 1241

Парламент "Қазақстан Республикасы мен Еуропалық қайта құру және даму банкі арасындағы қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы" және "Қазақстан Республикасы мен Азия Даму банкі арасындағы қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы" заңдарды қабылдады

Парламент "Қазақстан Республикасы мен Еуропалық қайта құру және даму банкі арасындағы қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы" және "Қазақстан Республикасы мен Азия Даму банкі арасындағы қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы" заңдарды қабылдады

Астаан. 18 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Сенат депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасы мен Еуропалық қайта құру және даму банкі арасындағы қарыз туралы келісімді (Оңтүстік - Батыс жол дәлізі жобасы ("Батыс Еуропа - Батыс Қытай" халықаралық транзит дәлізі) ратификациялау туралы" және "Қазақстан Республикасы мен Азия Даму банкі арасындағы қарыз туралы келісімді (Жай операциялар) (ОАӨЭЫ 1 көлік дәлізі [Жамбыл облысындағы учаскелер] ["Батыс Еуропа - Батыс Қытай" халықаралық транзит дәлізі] Инвестициялық бағдарлама - 1-жоба) ратификациялау туралы" заңдарды мақұлдады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

Бұл келісімде "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" халықаралық транзит дәлізін жүзеге асырудың инвестициялық бағдарламасы бойынша Жамбыл облысындағы учаскелерге қатысты мәселелер қамтылған. Аталған келісімге үстіміздегі жылы наурыздың 30-ында Астана қаласында қол қойылғаны белгілі. Инвестициялық бағдарлама жобасын іске асыру еліміздің көлік әлеуетін дамытуды қамтамасыз етеді.

Қарыз туралы келісім шеңберінде жобаның бірнеше құрамдастары бар. Атап айтқанда, шамамен 129 шақырымдық автожолды қайта жаңартуды көздейтін автожолды дамыту құрамдасы Жамбыл облысындағы 404 километрден 483 километрге дейінгі учаске және 210 километрден 260 километрге дейінгі учаскені қалыпқа келтіруді қарастырады.

Автожолды пайдалану және күтіп ұстау осы саланың жүйесін жақсартуды және интеллектуалдық көлік жүйесін әзірлеуді көздейді.

Қазақстанға 340 млн АҚШ доллары көлеміндегі қарыз Азия Даму банкінің қарапайым капитал ресурстарынан беріледі. Қарызды өтеу мерзімі - 5 жылдық жеңілдік кезеңді қоса алғанда 25 жыл.

ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі 2008 жылғы 24 шілдеде жобаның экономикалық сараптамасын жүргізді. ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мемлекеттік экологиялық сараптамасының 2008 жылғы 7 наурыздағы қорытындысы бар.

Техникалық-экономикалық негіздеменің "Мемсараптама" РМК-ның 2008 жылғы 21 наурыздағы оң қорытындысы да бар.

Депутаттар алдында бұл құжаттар жөнінде Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі Ибілғазы Құсайынов баяндама жасады. Депутаттар екі заң жобасын да мақұлдау туралы ортақ шешімге келді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны