31.10.2008, 11:44 3116

Парламент Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы технологияларды коммерциализациялау жөніндегі жоба бойынша несиелік келісімді ратификациялады

Парламент Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы технологияларды коммерциализациялау жөніндегі жоба бойынша несиелік келісімді ратификациялады

Астана. 31 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Сенат "Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы технологияларды коммерциализациялау жөніндегі жоба бойынша несиелік келісімді ратификациялау туралы" заңды қабылдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Еліміздің білім және ғылым вице-министрі Күләш Шәмшидинованың айтуынша, бұл жоба бойынша несиелік келісімге ағымдағы жылдың ақпан айында қол қойылған. Құжатқа сай, Илемдік банк $13,4 млн көлемінде несие бөледі. Республикалық бюджеттен тең қаржыландыру есебінен $61,6 млн бөлінбек. Илемдік банк несиесінің мерзімі 5 жылдық жеңілдік мерзімін қосқанда - 15 жыл.

Жобаның бір ерекшелігі - ғылым жөніндегі халықаралық кеңестің құрылатындығында. Оған халықаралық сарапшылар мен кеңесшілер енеді. Жобаның жүзеге асырылу мерзімі - 2008 - 2012 жылдар, деді К. Шәмшидинова.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны