31.10.2008, 17:49 6551

Парламент Қазақстан Республикасы үкіметі мен SOS Kinderdorf International арасындағы халықаралық келісімге қосымша хаттаманы ратификациялады

Парламент Қазақстан Республикасы үкіметі мен SOS Kinderdorf International арасындағы халықаралық келісімге қосымша хаттаманы ратификациялады

Астана. 31 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Парламент "Қазақстан Республикасы үкіметі мен SOS Kinderdorf International арасындағы халықаралық келісімге толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" заң жобасын қабылдады, онда балаларға арналған ауылдардың шығындарын жергілікті бюджеттердің есебінен өтеу қарастырылған, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

ҚР білім және ғылым вице-министрі Күләш Шәмшидинованың айтуынша, Қазақстан Республикасы үкіметі мен SOS Kinderdorf International арасындағы 2004 жылы ратификацияланған халықаралық келісімге сәйкес Алматы, Астана және Теміртау қалаларында балаларға арналған үш SOS-ауыл жұмыс істейді, оларда ата-ананың қамқорлығынсыз қалған 300 жуық бала тәрбиеленуде.

"Қазақстандағы балаларға арналған ауылдар SOS Kinderdorf International халықаралық қоғамының есебінен қаржыландырылады. 2008 жылдың 15 мамырында үкімет пен қоғам аарсындағы келісімге толықтыру енгізіп, балалар ауылдарының шығындарын жергілікті бюджеттердің есебінен толық немесе жартылай өтеу жөніндегі хаттамаға қол қойылды", - деді вице-министр.

Оның мәліметінше, республикалық бюджеттік комиссияның 2008 жылдың 26 ақпанындағы шешімімен аталған мақсатқа жергілікті бюджет қаржысынан 38,5 млн теңге бөлу жөніндегі шешіңм қабылданған.

"Қарағанды облысында бұл мақсатқа 13,6 млн теңге, Алматыда - 15,6 млн теңге, Астанада - 9,2 млн теңге қарастырылған", -деді К.Шәмшидинова.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны