30.10.2008, 10:50 1373

Парламент "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аудиторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды қабылдады (толық нұсқасы)

Парламент "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аудиторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды қабылдады (толық нұсқасы)

Астана. 30 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Мәжілістің кеше өткен жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аудиторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобаына сенат тарапынан енгізілген түзетулермен келісу туралы шешім қабылданды. Сөйтіп заң жобасы парламентте қабылданды деп танылып президенттің қол қоюына жолданды.

Сондай-ақ, кешегі отырыста "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қызметтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобаларын талқылап, мақұлдады.

Сонымен бірге депутаттар мемлекет басшысының 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына жолдауына, "Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясына" сәйкес және үкіметтің 2008 жылға арналған заң жобаларымен жұмыс жоспарын орындауға байланысты жасалған "Илеуметтік қызметтер туралы" заң жобасын қарады. Құжат жайында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев баяндама жасады. Заң жобасымен жұмыс істеу үшін жұмыс тобының құрамына Мәжілістің барлық комитеттерінің, мүдделі министрліктер мен ведомстволардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдері енген. Тұжырымдамалық талқылау бойынша бір кеңейтілген отырыс, ұсыныстар мен түзетулерді талқылау үшін бес кезекті отырыс өткізілген. Депутаттар әлеуметтік қызмет көрсету аясын ұлғайту және олардың сапасын арттыру мақсатында арнайы әлеуметтік қызметтерді ұсынумен айналысатын субъектілер қызметінің лицензиялануын енгізуді көздейтін 11-бапқа өзгертулер енгізген.

Заң жобасын қабылдау мемлекеттік бюджеттен қосымша шығыс талап етеді. Ол 2009 жылға - 9615,2млн. теңге, 2010 жылға - 11951,6 млн.теңге, 2011 жылға - 18701,3 млн. теңге көлемінде көрсетіліп, үш жылдық бюджет жобасында қаралған.

Отырыста "Парижде халықаралық эпизоотиялық бюроны құру туралы халықаралық келісімді ратификациялау туралы" және "Күштеп жоқ қылып жіберуден барлық адамдарды қорғауға арналған Халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы" заң жобалары қаралып, қолдау тапты.

Сондай-ақ "Шектен тыс зиян келтіреді немесе таңдамай әрекет етеді деп саналуы мүмкін кәдімгі қарудың нақты түрлерін қолдануға тыйым салу немесе шектеу туралы конвенцияны және Конвенцияға хаттамаларды: Анықталмайтын жарықшақтар туралы I хаттаманы, Өртегіш қару туралы III хаттаманы және Көзді соқыр ететін лазерлік қару туралы IV хаттаманы ратификациялау туралы" және "Қосымша айырым эмблемасын қабылдауға қатысты 1949 жылғы 12 тамыздағы Женева конвенцияларына қосымша хаттаманы ратификациялау туралы, "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы теңіз көлігі саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ислам банктерін ұйымдастыру мен олардың қызметі және исламдық қаржыландыруды ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңдарының жобалары бойынша қорытынды әзірлеу жөнінде мәселе қаралды.

Сондай-ақ, мәжілісмендер үш заң жобасына: "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", "Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ұжымдық инвестициялау және жинақтаушы зейнетақы қорлары қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобаларына Қазақстан Республикасы парламентінің сенаты енгізген өзгерістер мен толықтырулар жөнінде мәселе қарастырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны