07.10.2009, 12:35 1798

Парламент "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын қабылдады

Парламент "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын қабылдады

Астана. 7 қазан. Kazakhstan Today - Мәжіліс депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына сенат енгізген түзетулермен келісті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Бұдан бұрын сенат депутаттары аталған заң жобасын екінші оқылымда қарап, оған өз түзетулерін енгізіп, мәжіліске қайтарған болатын.

Заң жобасы арқылы енгізілгелі отырған өзгерістер бағалау қызметі нарығын жетілдіруге және оны реттеуге бағытталған. Бағалау қызметі саласындағы оң тәжірибені іске асыру мақсатында бағалау қызметін реттеуді мемлекет міндетіне қалдыра отырып, мүлікті бағалауды мемлекеттік бақылаудан бірте-бірте өзі реттелетін баға субъектілерін бағалау қызметіне көшу көзделіп отыр.

Осыған байланысты бағалаушылардың өкілеттігімен қатар міндетті түрде олар мүше болатын бағалаушылар палатасын құру ұсынылады. Бағалау қызметінде бағалаушылар уәкілетті орган бекіткен стандарттармен қатар халықаралық бағалау стандарттарын қолдану құқына ие болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны