21.05.2009, 18:20 2739

Парламент "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құжаттамалық қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды қабылдады

Парламент "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құжаттамалық қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды қабылдады

Астана. 21 мамыр. "Қазақстан Бүгін"- Сенат депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құжаттамалық қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бойынша келісім комиссиясының ұсыныстарын мақұлдады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Заң сөйтіп парламентте қабылданды деп танылды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, сенат 2008 жылдың 4 желтоқсанында өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құжаттамалық қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына өзгерістер енгізілгеннен кейін парламент мәжілісіне жіберген болатын. Мәжіліс 13 мамырда келісім комиссиясының ұсыныстарын мақұлдады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құжаттамалық қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы қатынастарды жетілдіру мақсатында әзірленді.

Бұл заң жобасымен "Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы" және "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қарастырылып отыр. Атап айтқанда, құжаттың құндылығын айқындау белгілері заңнамалық тұрғыда бекітіледі, құжаттың құндылығына сараптаманы жүзеге асыратын субъект нақтыланды, басқару қызметін құжаттауға бірыңғай талаптар белгіленді.

Заң жобасын сенат комитеттерінің ескертпелері мен ұсыныстарын ескере отырып, талқылау барысында мәжіліс мақұлдаған заң жобасына:

"Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы" заңға мұрағат қорының құжаттарын есепке алуды қамтамасыз ету, сондай-ақ мұрағат ісі бойынша заңнаманы бұзуға кінәлі адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қана жауапқа тарту бөлігінде;

"Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Заңға Қазақстан Республикасы Үкіметінің электрондық құжат айналымы тәртібін бекіту және басқалар жөніндегі құзыретін нақтылау бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігі туындады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны