11.11.2009, 15:33 2650

Парламент "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жалған кәсіпкерліктің жолын кесу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды қабылдады

Парламент "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жалған кәсіпкерліктің жолын кесу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды қабылдады

Астана. 11 қараша. Kazakhstan Today - Мәжіліс депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жалған кәсіпкерліктің жолын кесу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына сенат енгізген түзетулермен келісті, регламентке сәйкес заңды парламент қабылдады деп танылып, мемлекет басшысының қол қоюына жіберілді деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің қорытындысына сәйкес, жобаны талқылау және оны екінші оқылымға әзірлеу барысында Қылмыстық кодекстің 192-ші бабының мәтініне тиісті өзгерістер енгізілетін болды. Ол ұсынылып отырған заң жобасында жалған кәсіпкерлігі үшін субъектіні қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін мәмілелерді алдын ала сот арқылы жалған деп тану қажеттігі осындай құрамдағы қылмыс бойынша қылмыстық іс қозғауды рәсімдеуге елеулі түрде қиындатуға әкеліп соғатына байланысты болып отыр. Осындай өзгеріс Икімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 154- бабының мәтініне де енгізілетін болды.

Одан басқа заң жобасына мәтіндік және нақтылау сипатындағы, оның ішінде заң техникасы ережелеріне қатысты бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Заңмен еліміздің Азаматтық, Қылмыстық және Қылмыс іс жүргізу кодекстеріне, сондай-ақ Икімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске толықтырулар енгізілді. Сонымен бірге және "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы", "Жеке кәсіпкерлік туралы" заңдарға түзету қарастырылған болатын.

Заң жобасының негізгі мақсаты салық әкімшілігін жүргізуді күшейту. Соңғы жылдары орын алған құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың өсуіне байланысты жалған кәсіпкерлік фактілерінің жолын кесу әдістерінің тиімді жолдары қарастырылған.

Заң жобасы коммерциялық ұйымдардың ғана емес, жеке кәсіпкерлердің де жалған кәсіпкерлікпен айналысқаны үшін жауапкершілікке тартылатынын айқындап беріп отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны