16.04.2007, 18:04 3029

Парламент "Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы" Конституциялық заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады, құжат үшінші оқылымда 26-сәуірде қаралады

АСТАНА. 16-сәуір. Kazakhstan Today. Қазақстан парламенті бүгін өткен палаталардың біріккен отырысында "Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы" Конституциялық заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады, құжат үшінші оқылымда 26-сәуірде қаралады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Парламерт палаталарының біріккен комиссиясының жетекшісі, сенатор Қуаныш Сұлтановтың хабарлауынша, "заң жобасын екінші оқылымға дайындау барысында депутаттар 118 түзету енгізді". Атап айтсақ, енгізілген түзетулермен мемлекеттік рәміздерді пайдалалану құқығына ие ресми мемлекеттік мекемелер мен басқа да ұйымдардың тізімі ұлғайтылды. Сонымен бірге мемлекеттік рәміздерді жасауға лицензия беру тәртіптерін нақтылайтын нормалар енгізілді.

Заң жобасын парламент 29-қаңтарда алғашқы оқылымда мақұлдағанын еске сала кетейік.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, "заң жобасының негізгі мақсаты мемлекеттік рәміздердің мәртебесін көтеру мен оларды қолданудың егжей-тегжейлеріне бағытталған мемлекеттік рәміздер туралы заңнаманы жетілдіру болып табылады.

Атап айтқанда, аталмыш заң жобасында мемлекеттік рәміздерді орта және арнаулы оқу орындарындағы жалпы білім беру бағдарламаларының негізіне енгізу қарастырылған. Заң жобасы мемлекет туы мен елтаңбаның және оның бейнелерінің білім ұйымдары мен мекемелерінде, әскери бөлімшелерде орналасуы, сонымен қатар мемлекеттік рәміздерді - ту мен елтаңбаны жарамсыз болған жағдайда ауыстыру немесе жою процедураларын реттейді. Сонымен қатар, ту мен елтаңба қоғамдық бірлестіктер мен басқа да ұйымдарда геральдикалық негіз ретінде, ал мемлекеттік әнұран басқа музыкалық туынды ретінде пайдалынылмайды.

Сонымен қатар, заңнамада мемлекеттік әнұран тек мемлекеттік тілде орындалады деп көрсетілген. Сондай-ақ, заң жобасы әнұранның теле және радио бағдарламаларының таңертеңгі эфирге шығуы алдында және республика аумағында тіркелген теле және радиокомпанияларының хабар таратылымдарының аяқталуы барысында орындалуын қарастырған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны