22.06.2009, 10:49 1117

Парламент "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Имірліктерінің Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы, Астана қаласындағы Ибу-Даби Плаза кешенінің құрылысына қатысты келісімді ратификациялау туралы" заңды қабылдады

Парламент "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Имірліктерінің Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы, Астана қаласындағы Ибу-Даби Плаза кешенінің құрылысына қатысты келісімді ратификациялау туралы" заңды қабылдады

Астана. 22 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Сенат депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Имірліктерінің Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы, Астана қаласындағы Ибу-Даби Плаза кешенінің құрылысына қатысты келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

Сенаттың Экономикалық және өңірлік саясат комитетінің қорытындысына сәйкес, бұл келісімге Астана қаласында 2009 жылдың 11 маусымында қол қойылған болатын. Заң жобасы Қазақстан Республикасы президентінің 2009 жылғы 16-17 наурызда Біріккен Араб Имірліктеріне ресми сапарының қорытындылары бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мақсатында әзірленді.

Заң жобасы Ибу-Даби Плаза кешенінің құрылысын салуды іске асыруға бағытталған салық салу саласындағы преференциялар жүйесін қолдану, валюталық реттеу, кедендік ресімдеу визалық қамтамасыз ету және шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудегі мәселелерін реттейді.

Сондай-ақ Келісімде Біріккен Араб Имірліктері Үкіметінің Қазақстан Үкіметінен осы Келісімнің Қазақстан заңнамасына сәйкес ратификациялағаны туралы ресми хабарлама алған күні оның күшіне енетін күнін білдіретіні көзделген.

Ибу-Даби Плаза кешенін салу мемлекет басшысының 2008 жылғы 11 шілдедегі № 62-10.23 тапсырмасында атап көрсетілген инвестициялық жобалардың бірі болып табылады. Жобаны іске асыру жалпы сомасы 1,8 миллиард АҚШ доллары болатын инвестицияларды тартуды көздейді. Жобаны аяқтау мерзімі - 2014 жыл.

Заң жобасын қабылдаудың әлеуметтік нәтижелері Қазақстан астанасында өзінің сәулет шешімі жағынан бірегей кешендердің бірінің пайда болуын жатқызуға болады, ол 8 мұнарадан тұрады, мұнаралардың ең биігі - 88 қабат, ол өзінің биіктігі жөнінен әлемдегі 14-ші нысан болып табылады. Ибу-Даби кешені "люкс" сыныбындағы тұрғын үй және офистік үй-жайлардың пайда болуын қамтамасыз етуі тиіс, ол өз кезегінде, аталған кешенге тұрғын үй және бизнес нысаны ретінде Астана тұрғындары мен қонақтарының қызығушылығын туғызуға, сондай-ақ капитал салу үшін инвесторларды ынталандыруға жәрдемдесетін болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны