29.10.2008, 12:01 1456

Парламент "Қазақстан Республикасының жоғарғы сот кеңесі туралы" заңды қабылдады

Парламент "Қазақстан Республикасының жоғарғы сот кеңесі туралы" заңды қабылдады

Алматы. 29 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Мәжіліс депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының жоғарғы сот кеңесі туралы" заң жобасына сенат тарапынан енгізілген түзетулермен келісті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Бұл заң жобасы жоғарғы сот кеңесі туралы заңның Конституцияға өткен жылдың мамыр айында енгізілген түзетулермен сәйкестендірілген жаңа редакциясы болып табылады.

Қазақстанның Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы Оңалсын Жұмабековтың айтуынша, бұл заң жобасында кеңестің мәртебесі Қазақстан Республикасы президентінің соттарды жасақтау, судьялардың тәуелсіздігі мен олардың құқықтарына қол сұғылмаушылығына кепілдік беру жөніндегі конституциялық өкілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында заңды тұлға құрмай-ақ жасақталатын мекеме ретінде білгіленген.

Заң парламентте қабылданды деп танылып, президенттің қол қоюына ұсынылды

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны