01.03.2007, 12:35 23768

Парламент Қазақстанның құрлықішілік мемлекеттердің транзиттік сауда-саттығы туралы конвенцияны бекітуі туралы заңды қабылдады

АСТАНА. 1-наурыз. Kazakhstan Today. Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Қазақстанның құрлықішілік мемлекеттердің транзиттік сауда-саттығы туралы конвенцияны бекітуі туралы" заңды қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Бұл конвенцияға бірігу Қазақстанға теңіз державаларымен бірдей құқықпен ашық теңізге шығу еркіндігін пайдалану және теңізге еркін шығу мүмкіндігін беру арқылы республиканың транзиттік-транспорттық әлеуетін кең көлемде жүзеге асыруына жол ашып, Қазақстандағы сауда-саттық аясының кеңеюіне септігін тигізеді.

Конвенция ережелері теңізге шығар жолы жоқ әрбір мемлекеттің теңізге еркін шығу құқығын заңдастырады. Конвенция құрлықішілік мемлекеттерге аймақтық және халықаралық сауда-саттыққа еркін атсалыса алуы үшін транзит мүмкіндігін еркін әрі шектеусіз пайдалану құқығын береді.

Конвенция 1965-жылдың 8-шілдесінде қабылданған.

Заң президенттің қол қоюына ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны