31.10.2008, 18:22 6501

Парламент Кедендік одақты қалыптастыруға бағытталған заң жобаларының блогын қабылдады

Парламент Кедендік одақты қалыптастыруға бағытталған заң жобаларының блогын қабылдады

Астана. 31 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Сенат депутататы бүгін өткен жалпы отырыста Кедендік одақты қалыптастыруға бағытталған заң жобаларының блогын қабылдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Сенат депутаттары "Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеудің бірыңғай шаралары туралы келісімді ратификациялау туралы", сондай-ақ "Бірыңғай кедендік-тарифтік реттеу туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобаларын бір дауыстан мақұлдады.

Индустрия және сауда вице-министрі Жанар Айтжанованың айтуынша, бұл келісімдерге Қазақстан, РФ мен Беларусь 2008 жылдың 25 қаңтарында Мәскеуде қол қойған.

Оның айтуынша, аталған келісімге сәйкес, біртұтас кедендік аумаққа үшінші елдерден енгізілген жағдайда тауар енгізгені үшін кедендік баж салығын төлеуден босату немесе аталған баж салығын төмендету түрінде тарифтік жеңілдіктер көрсетілуі мүмкін. "Біртұтас кедендік тариф егер тараптардың тауар енгізгені үшін төлейтін кедендік баж салықтарының ставкасы барлық тауар номенклатуралары бойынша сай келген жағдайда ғана қалыптасты деп саналады", - деді Ж. Айтжанова.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны