12.01.2011, 15:22 4877

Парламент кепілге қойылған мүліктің сотсыз сатылуына тыйым салатын заң қабылдады

Парламент кепілге қойылған мүліктің сотсыз сатылуына тыйым салатын ипотекалық несиелендіру және қаржы қызметінің тұтынушылары мен инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша заңнамаға түзетулер енгізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 12 - қаңтар. Kazakhstan Today - Парламент кепілге қойылған мүліктің сотсыз сатылуына тыйым салатын ипотекалық несиелендіру және қаржы қызметінің тұтынушылары мен инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша заңнамаға түзетулер енгізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Агенттіктің хабарлауынша, Қазақстан мәжілісінің депутаттары (парламенттің төменгі палатасы) несиелер бойынша өсімақының жылдық тиімді ставкасының шектік мөлшерін орнату бойынша Ұлттық банктің өкілеттігін белгілейтін "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне ипотекалық несиелендіру және қаржы қызметінің тұтынушылары мен инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша түзетулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына сенаттың (жоғарғы палата) енгізген түзетулерімен келісті.

Парламенттің регламентіне сәйкес заң қабылданды деп есептеліп, мемлекет басшысына қол қоюға жіберіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны