07.03.2007, 12:47 2643

Парламент қылмыстық атқару жүйесі жөніндегі заңнамаға түзетулерді қабылдады

АСТАНА. 7-наурыз. Kazakhstan Today. Бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Қылмыстық атқару жүйесі туралы кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөніндегі" заң жобасы бойынша сенаттың түзетулерімен келісті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Сенаттың мемлекеттік құрылыс және құқықтық саясат жөніндегі комитетінің қорытындысында атап көрсетілгеніндей, қылмыстық-атқару кодексіне енгізілген түзетуге сәйкес, "сотталған азамат егер тәрбиелеу шараларына белсене қатысып, мемлекетке келген материалдық шығын мен жәбірленушінің денсаулығы мен мүлкіне келген шығындардың орнын толтыруға шаралар қолданған жағдайда жазасын жеңілдету мүмкіндігі қарастырылды".

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, "заң жобасы қылмыстық атқару жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында жасалған".

Атап айтқанда, сотталғандарды тамақтану және коммуналдық тұрмыстық қызметке алынатын төлемдерден босату қарастырылған, себебі "олардың басым бөлігі жұмыс істемейді және аталған қаражатты қайтарып бере алмайды".

Комитеттің қорытындысында,"құрт ауруының алдын алу мақсатында түзету мекемелерінің әкімшілігі абақтыдан босатылатындарды және мерзімдерін өтеу барысында емделуден бас тартқандарды міндетті түрде құрт ауруынан емделуге жіберу үшін сотқа жүгінуге құзырлы болады",-делінген.

Сонымен қатар, заң жобасына сәйкес, шартты мерзімнен бұрын босату институты жетілдіріледі. Нақтырақ айтсақ, заң жобасында жазасын өтеушіні шартты түрде мерзімнен бұрын босату негіздері мен оның тәртіптері айқындалған. Шартты түрде мерзімнен бұрын босатылғандарға мерзімі өтелмеген кезеңге белгіленетін кейбір міндеттемелерінің тізімі айқындалған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны