25.01.2007, 10:46 2842

Парламент концессиялар туралы заңға толықтырулар енгізу туралы заң жобасын жұмысқа қабылдады

АСТАНА. 25 қаңтар. Kazakhstan Today. Кеше мәжілістің пленарлық отырысында депутаттар "Концессиялар туралы" заңға толықтырулар енгізу туралы заң жобасын жұмысқа қабылдап алды.

"Заң жобасының мақсаты "Концессиялар туралы" қолданыстағы заңға толықтырулар мен өзгерістер енгізу",-деп көрсетілген заң жобасына берілген түсініктемеде.

Өз кезегінде депутаттар "халықаралық заң нормаларына сәйкес концессияларды ұсынатын негізгі принциптердің тізімін кеңейтуді" ұсынып отыр. Сонымен қатар, олар "концессияларға берілмейтін мемлекеттік меншік нысандарының толық тізімін бекітуді" ұсынуда.

Депутаттар заңға концессионер таңдау үшін байқау ұйымдастыруға басшылыққа алатын қажетті критерийлердің тізімін анықтайтын бап енгізуді, сонымен қатар, консессияға берілуі мүмкін нысандарды қарастыру мен таңдау, концессияға беру шарттары мен тәртіптерін реттейтін бапты да енгізу туралы ұсыныс жасап отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны