10.12.2010, 17:22 5194

Парламент ҚР дипломтиялық қызмет туралы заңына енгізілетін түзетулерді қабылдады

Бүгін ҚР парламентінің сенат депутаттары жалпы отырыс барысында "Қазақстан Республикасының "ҚР димпломатиялық қызметі туралы" заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 10-желтоқсан. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР парламентінің сенат депутаттары жалпы отырыс барысында "Қазақстан Республикасының "ҚР димпломатиялық қызметі туралы" заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысында, "Парламент депутаттары бастамашылық жасаған аталмыш заң кәсіби білікті мамандардың дипломатиялық қызмет органдарынан жұмыстан кетуінің артуына байланысты дипломатиялық қызмет саласындағы халықаралық тәжірибені зерделеу қорытындылары бойынша әзірленгендігі, атап көрсетілген.

Бұл ретте жалпы әлемдік тәжірибеге сәйкес, дипломатиялық қызмет персоналын әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету, дипломатиялық қызмет органдарының қызметін ұйымдастыру, кадрлық әлеуетті нығайту және дипломатиялық қызмет тартымдылығын арттыру шаралары қамтылып отыр.

Сонымен қатар, заңға сәйкес дипломатиялық қызмет органдарының негізгі функциясын нақтылау бөлігінде бірқатар өзгерістер енгізіледі. Атап айтсақ, Қазақстан Республикасында дипломатиялық және қызметтік паспорттарын берумен қатар 1999 жылғы 20 шілдеде ҚР Президентінің Өкімімен бекітілген Қазақстан Республикасының дипломаттық паспорты туралы ережеге сәйкес оларды есепке алу, сақтау және жою шаралары көзделеді.

Заң Мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны