21.06.2012, 14:52 3003

Парламент ҚР тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы заңын қабылдады

Аталған заң жобасы Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың 2010 жылғы халыққа Жолдауында жүктелген міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған. Ал құжатты қабылдаудағы мақсат - тұрғын үй заемдарын беру және жинақталған тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасын пайдалану тетіктерін жетілдіру болып табылады. Сондай-ақ, халықтың қалың көпшілігіне тұрғын үй құрылысының мемлекеттік және салалық бағдарламаларына қатысу мүмкіндіктерін қамтамасыз ету мәселелері де осы заңмен реттеледі.

Астана. 21-маусым. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы" ҚР заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заңы қабылданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Аталған заң жобасы Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың 2010 жылғы халыққа Жолдауында жүктелген міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған. Ал құжатты қабылдаудағы мақсат - тұрғын үй заемдарын беру және жинақталған тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасын пайдалану тетіктерін жетілдіру болып табылады. Сондай-ақ, халықтың қалың көпшілігіне тұрғын үй құрылысының мемлекеттік және салалық бағдарламаларына қатысу мүмкіндіктерін қамтамасыз ету мәселелері де осы заңмен реттеледі.

"Құжат бүгінгі күні іске асырылып жатқан тұрғын үй құрылысы бағдарламасына және жаңадан әзірленген "Қолжетімді тұрғын үй-2020" бағдарламасына халықтың қалың жігін қатыстыру үшін жағдай қалыптастыруды көздейді. Бұдан бөлек, ел азаматтарының тұрғын үйге қолжетімділігін арттыру мақсатында тұрғын үй-жинақ жүйесін одан әрі дамыту шаралары қамтылып отыр. Бұл ретте қолданыстағы заңнамада бюджеттік қаражат есебінен алдын ала және аралық тұрғын үй заемдарын беру азаматтардың белгілі бір санатына (жас отбасыларға, мемлектетік қызметкерлерге, бюджеттік ұйым мен кәсіпорын қызметкерлеріне) ғана қарастырылған болатын. Сондықтан да, заң жобасына сәйкес бұндай қарыздар халықтың кең тобына беріледі және қолданыстағы шектеулер алынып тасталады. Бұл ретте өзгеріс Қазақстанның барлық азаматтарын қамтитын болады", - дейді заң жобасы туралы баяндаған Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің төрағасы Серік Нокин.

Оның айтуынша, заң нормалары бойынша тұрғын үй жинақ ақшасын жинақтау мерзімі 5 жылдан 3 жылға дейін төменджітеген. Аталған мерзім өткен соң салымшы мемлекеттің сыйлықақысын алуға құқылы болады. Мұның өзі жинақтауды ынталандыруға, оның ішінде ақшаны тұрғын үй заемдарын алуға пайдалану мақсатында жинақтауға қолайлы жағдай туғызбақ.

Бұдан бөлек, аталған заң алдын ала тұрғын үй заемы мен аралық тұрғын үй заемын, сондай-ақ бір банктік заем шартының шеңберінде тұрғын үй заемдарын рәсімдеу тәртібін де қарастырады. Бұл тұрғын үй заемдарының барлық түрлерін беру рәсімін айтарлықтай жеңілдетіп, оның өзіндік құнын да төмендетуге септігін тигізеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны