09.04.2010, 12:27 2959

Парламент "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" және соған сәйкес бірқатар заңдарға енгізілетін толықтыруларды қабылдады

Парламент "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" және соған сәйкес бірқатар заңдарға енгізілетін толықтыруларды қабылдады

Астана. 9 сәуір. Kazakhstan Today - Сенат депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобалары бойынша мәжіліс пен сенат арасындағы келіспеушіліктерді еңсеру жөніндегі келісім комиссиясының ұсыныстарымен келісті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Сенаттың Заңнама және құқықтық мәселелер комитетінің қорытындысына сәйкес, "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" заң жобасының мақсаты құқық бұзушылықтың алдын алу саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты орнықтыру болып табылады. Бұл жоба адам мен азаматтың құқығы мен бостандығын, заңды мүделлерін құқыққа қарсы әрекеттерден қорғауды қамтамасыз етуге, құқық бұзушылық деңгейін төмендетуге және оның алдын алу жүйесін жетілдіруге, оған қоса ықпал етуші себептер мен жағдайларды айқындауға, зерделеуге және жоюға бағытталған. Жобада құқық бұзушылықтың алдын алатын субъектілердің іс-қимылын үйлестіру, бостандықтан айыру орындарында жазасын өтегендерді әлеуметтік бейімдеу шаралары, сондай-ақ республика азаматтары мен ұйымдарының алдын алу жұмыстарына қатысуы және халықтың құқықтық мәдениетін арттыру қарастырылған.

Сондай-ақ, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң да қабылданды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны