18.01.2008, 15:41 3016

Парламент құлдықпен күрес жөніндегі конвенцияны қабылдады

Парламент құлдықпен күрес жөніндегі конвенцияны қабылдады

Астана. 18 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар "1926 жылдың 25-ші қыркүйегіндегі Құлдық туралы конвенцияны, 1953 жылдың 7 желтоқсанындағы Құлдық туралы конвенцияға өзгерістер енгізу туралы хаттаманы және 1956 жылдың 7 қыркүйегіндегі Құлдықты, құл саудасы мен құлдыққа ұқсас институттар мен салт-дәстүрлерді жою туралы қосымша конвенцияны бекіту туралы" заңды қабылдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Конвенцияларды бекітуге ұсынылған ережелерде адам саудасының алдын алу және оның жолын кесу, құлдыққа ұқсас институттар мен салт-дәстүрлерді жою қарастырылған.

Қосымша конвенцияның 1-ші бабына сәйкес, бұл конвенцияға қатысушы әрбір мемлекет құлдыққа ұқсас институттар мен салт-дәстүрлер бар жерлерде оларды біртіндеп және қысқа мерзімде біржола жоюға қолдан келетін және барлық қажетті заңнамалық және басқа да шараларды қолдануға тиіс.

Заң президенттің қол қоюына жіберілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны