27.12.2006, 14:24 3192

Парламент "Лицензия беру жөніндегі" жаңа заңды қабылдады

АСТАНА. 27-желтоқсан. Kazakhstan Today. Бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Лицензия беру жөніндегі" жаңа заңның жобасына және "Лицензия беру мәселелері бойынша заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына сенат енгізген түзетулермен келісті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, сенат депутаттары лицензия берілетін қызмет түрлерінен үшінші жақтан сатып алынған бидайды экспортқа шығару қызметі алып тасталды.

Сонымен қатар заң жобасының көмегімен лицензия берілетін қызмет түрлерінің тізімі қысқартылады. Мәселен, заңның жаңа нұсқасында лицензия берілетін 100 қызмет түрлері мен олардың 249 ішкі түрлері көрсетілген. Ал қолданыстағы заңда барлығы 426 түр бар.

Заң жобасы сонымен бірге лицензия беру процедурасын ретке келтіруге бағытталған. Онда көзделгеніндей, лицензия күшіне енетін аумақ шектелмейді және лицензия алу үшін "бір терезе" принципі пайдаланылады.

Заң жобасында "лицензияны кері шақырып алу" деген термин "лицензиядан айыру"деген терминмен алмастырылды. "Ал лицензиядан айыру процедурасы соттың шешімімен ғана жүзеге асады.

Заңдар сөйтіп қабылданды деп танылып, президенттің қол қоюына жолданды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны