09.02.2016, 11:19 4180

Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар сайлауына 41 күн қалды - ҚР ОСК

Парламент Мәжілісі мен мәслихаттарыныӊ сайлауына дайындық белсенді жүруде. Саяси партиялар сайлауалды кампанияларын өткізіп, Орталық сайлау комиссиясы партиялық тізімдерді бекітуде. Өӊірлік сайлау комиссиялары халықты ақпараттандыру жұмыстарын жүргізуде. ҚР ОСК баспасөз қызметіндегі күнтізбе 20 наурыздағы сайлауға 41 күн қалғанын көрсетеді

Астана. 9 ақпан. Kazakhstan Today - Парламент Мәжілісі мен мәслихаттарыныӊ сайлауына дайындық белсенді жүруде. Саяси партиялар сайлауалды кампанияларын өткізіп, Орталық сайлау комиссиясы партиялық тізімдерді бекітуде. Өӊірлік сайлау комиссиялары халықты ақпараттандыру жұмыстарын жүргізуде. ҚР ОСК баспасөз қызметіндегі күнтізбе 20 наурыздағы сайлауға 41 күн қалғанын көрсетеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

2016 жылдыӊ 8 ақпанындағы жағдай бойынша Орталық сайлау комиссиясына 6 партиялық тізім ұсынылды. "Нұр Отан", "Ақ жол" ҚДП, "Ауыл" және Қазақстанныӊ коммунистік партиясы тіркелді, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Орталық сайлау комиссиясыныӊ төрағасы Қуандық Тұрғанқұловтыӊ жетекшілігімен өткен бүгінгі отырысқа Қазақстан Коммунистік Халық партиясыныӊ өкілдері мен хатшы Тұрғын Сыздықов және ҚКХП Орталық комитетініӊ Құрметті хатшысы В.Косарев қатысты. Оларға парламент Мәжілісініӊ депутаттығына үміткер 22 кандидаттыӊ куәлігі тапсырылды.

"Қарауға Қазақстанныӊ коммунистік халықтық партиясыныӊ партиялық тзімсі тапсырылды. Жобаға сәйкес, біз партиялық тізімді тіркеп, Мәжіліс депутаттығына үміткерлерге сәйкес куәліктерді тапсырамыз. Тізімде 22 үмітер бар. Партиялық тізімдегі барлық тұлғалар ҚР Конституциясыныӊ талаптарына сай тексерілді", - деді Б.Мельдешев.

Оныӊ айтуынша, салық органынан декларация бойынша үрдістіӊ уақытша тоқтағаны бойынша анықтама бар.

"Жобаға сәйкес, біз БАҚ-та партиялық тізімніӊ тіркелуі мен сайлау бюллетеніне партия тізімін қосамыз", - деді ол.

ҚР Орталық сайлау комиссиясы Қазақстанныӊ коммунистік халықтық партиясыныӊ партиялық тізімін бекітті. В. Косарев партия мүшелері алдағы сайлауда сайлаушылар тарапынан жоғары сенімге ие болудан үмітті екенін атап өтті.

Айта кетейік, сайлау заӊнамасына сәйкес "Ақжол" партиясыныӊ кезектен тыс XIII-і съезі өтіп, оныӊ барысында делегаттар бірауыздан партияныӊ Мәжіліс және мәслихаттар сайлауына қатысуы туралы шешімі қолдау тауып, Орталық сайлау комиссиясына бектілген тізімі ұсынылды.

Үміткерлер тізіміне қатысты анықтама бере кеткен партия төрағасы А.Перуашев "Бұл тізімге 35 адам еніп отыр, оныӊ ішінде 24-і бизнес өкілдері мен кәсіпорындар және банк құрылымдары басшылары, ал 6 адам ұлттық және техникалық зиялы қауым өкілдері, сондай-ақ тағы бесеуі партиялық органдардыӊ жетекшілері", - деді ол.

3 ақпанда ҚР ОСК "Нұр Отан" партиясыныӊ партиялық тізімін тіркеді.Мәслихаттар депутаттығына ұсыну белсенді жүріп жатыр. Облыстық, Астана және Алматы қалалық аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтер бойынша 2016 жылғы 4 ақпандағы таӊғы сағ. 10-дағы жағдай бойынша республика бойынша барлығы 2865 кандидат ұсынылды.

Олардыӊ ішінде:облыстық, Астана және Алматы қалалық мәслихаттарына - 324 адам;аудандық мәслихаттарға - 2015 адам;қалалық мәслихаттарға - 526 адам.

"Біз ұсынған 127 кандидаттыӊ бәрі де депутат болады деген сөз емес. Мүмкіндігінше, Мәжілістегі 98 депутаттық мандаттыӊ басым бөлігіне ие болу үшін, әрине, бар күш-жігерімізді жұмсаймыз", - дейді А.Мырхзахметов.

Осыған дейін мәлім болғандай, 127 кандидаттыӊ ішінде жеті ұлттыӊ өкілі бар.23 % -дан астамы - әйел адамдар."Нұр Отан" партиясыныӊ партиялық тізіміне енгізілген кандидаттардыӊ 60 %-на жуығы 55 жасқа дейінгі адамдар, олардыӊ еӊ жасы - 26 жаста.

Партия ұсынған 33 кандидат Парламент Мәжілісініӊ депутаты болған.

Сондай-ақ ғылым, мәдениет және білім беру қайраткерлері, белгілі спортшылар, коммерциялық құрылымдардыӊ, мемлекеттік органдар мен мекемелердіӊ қызметкерлері ұсынылған.

Ортсайлауком Төрағасы Қ. Тұрғанқұлов ҚР ОСК-ныӊ отырысына қатысқан "Нұр Отан" партиясы Төрағасыныӊ бірінші орынбасары А.И. Мырзахметовке Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісініӊ депутаттығына кандидаттыӊ куәлігін тапсырды, сондай-ақ "Нұр Отан" партиясынан партилық тізімге енгізілген Мәжіліс депутаттығына барлық кандидаттардыӊ куәліктерін берді.

Орталық сайлау комисиясыныӊ төрағасы Қ.Тұрғанқұлов ОСК отырысына қатысқан "Ауыл" ХДПП төрағасы И.Бектаевқа Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат куәлігін тапсырды.

"Ирбір саяси партия үшін сайлауалды жұмыстарды бастау алдында ОСК-да партиялық тізімді тіркеу өте маӊызды болып табылады. Себебі, осыдан кейін негізгі жұмыстар басталады, яғни, сайлауға дайындық, насихат жұмыстары. Сайлауалды жұмыстардыӊ барлығы осы тіркеуге байланысты болғандықтан, біз, шыны керек, осы сәтті асыға күттік. Тиісті өз кандидаттарымыздыӊ құжаттарын толыққанды тапсырдық", - деді И.Бектаев.

Төрағаныӊ айтуы бойынша, партия сайлау қызметінде заӊ шеӊберінде жұмыс істейтін болады.

"Өздерініз білетіндей съез барысында 19 кандидатты ұсындық. ОСК біздіӊ партиялық тізімді тіркеді. Ол 19 адамнан тұрады. Олардыӊ барлығы жоғары оқу орындарында оқыған. 11-ауыл шаруашылық мамандығы, 5-і ғылым докторы, 3-і ғылым кандидаты, біреуі мемлкеттік сыйлықтыӊ лауреаты",-деді А.Бектаев.

Партия төрағасы ауыл шаруашылық және ауыл тұрғындарыныӊ болашағы партияныӊ негізгі бағдарламалық мақсаттарыныӊ бірі екенін айтып, ауыл шаруашылық пен агроөнеркәсіп кешенін дамыту ел экономикасы үшін аса маӊызды сала екенін атап өтті.

"Бірлік" партиясынан 8 адам ұсынылды оныӊ бәреуі әйел адам. Олардыӊ барлығы жоғары білімді: техникалық, заӊгерлік, экономикалық, философиялық, журналистік және олардыӊ ішінде 4 ғылым кандидаты мен бір профессор. Кандидаттардыӊ орта жасы 59",- деп "Бірлік" партия төрағасыныӊ орынбасары Төлеген Қуанышев айтып өтті.

Олардыӊ айтуынша, кандидаттар Астана қ. , Жамбыл, Қызылорда, Ақмола облыстарынан ұсынылып отыр.

"4 кандидат бұған дейін еліміздіӊ заӊ шығару органына сайланса, тағы 4 кандидат түрлі мемлекеттік қызметте болған және жоғары мемлекеттік наградалармен марапатталған",-деді ол.

2016 жылдыӊ 8 ақпанына сәйкес, ОСК-ға 6 партиялық тізім ұсынылды. Айта кетейік, үміткерлерді қабылдау 19 ақпанға дейін, ал тіркеу 23 ақпанға дейін жалғасады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны